• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №19

580 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 29 маусым №193 Астана қаласы Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шартын бекіту туралы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызмет­керлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызмет­керлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шарты бекітілсін. 2. «Мәдениет ұйымдарының кейбір қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мем­лекеттік тіркеу тізілімінде №9017 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда «Казахстанская правда» газетінде № 4 (27625) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (А.Б.Досходжаева): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтіз­белік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаң­басымен куәландырылған электронды және қағаз түрін­дегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақ­­стан Респуб­ликасы нормативтік құқықтық актілерінің эта­лондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Норма­тивтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілі­міне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы респуб­ликалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күн­тізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәде­ниет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 5) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындал­ғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуб­ликасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №193 бұйрығымен бекітілген Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шарты 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шарты (бұдан әрі - Қағида) мәдениет ұйымдарының қыз­мет­­керлеріне қосымша ақыны төлеудің тәртібін айқын­дайды. 2. Басты (жетекші) рөлдерді (партияларды) орын­дағаны, ағымдағы репертуарда жұмыспен қамтылғаны үшін, басты (жетекші) рөлдерді (партияларды) орындауды және ағымдағы репертуарда жұмыспен қамтылуды қоспағанда театр, опера (оперетта), балет, музыкалық комедия, цирк, концерттік ұйымдар әртістеріне техникалық шеберлігі үшін мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны (бұдан әрі – қосымша ақы) төлеу жүзеге асырылады. 3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10927 болып тіркелген «Мемле­кет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкер­шілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығына сәйкес қосымша ақыны белгілеу мемлекеттік кәсіпорынның тиісті қаржы жылына бекітілген даму жоспарындағы еңбекке ақы төлеу қоры есебінен және қор шегінде жүзеге асырылады. 2-тарау. Қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шарты 4. Қосымша ақыны «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіп­орындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес мынадай критерийлерге белгіленеді: 1) басты (жетекші) рөлдерді (партияларды) орындағаны, ағымдағы репертуарда жұмыспен қамтылуына; 2) техникалық шеберлігіне. Техникалық шеберлік ретінде мәдениет саласындағы шығармашылық білімді, дағдыны және әдістерді қолдана білуді түсіну қажет. 5. Қосымша ақының мөлшері көркемдік жетекшінің немесе тиісті құрылымдық бөлімше жетекшісінің немесе олардың міндетін атқарушысының қосымша ақыны белгілеу туралы (еркін нысандағы) жазбаша ұсынысы негізінде ұйым басшының немесе міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жүзеге асырылады. 6. Қосымша ақыны белгілеу туралы жазбаша ұсынысында келесі мәліметтер көрсетіледі: 1) мәдениет ұйымдарының қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда); 2) мәдениет ұйымдарының қызметкерінің лауазымы; 3) репертуар туралы қысқаша ақпарат; 4) қосымша ақыны төлеудің негіздемесі және мөлшері. 7. Мәдениет ұйымдарының қызметкеріне қосымша ақыны лауазымдық жалақыдан 50 %-ға дейінгі мөлшерде белгіленеді. 8. Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қо­сымша ақыны еңбекақымен ай сайын бірге есептеледі. 9. Қосымша ақыны төлеу күнтізбелік жыл бойына қолданылады және қажеттілігіне қарай қайта қаралады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14057 болып енгізілді.